Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін

Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін

Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары

  • 9 Қараша 2017
  • 150
Фото - Caravan.kz

Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін, — деп хабарлайды РИА Новости. БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Марк Лоукок Йеменнің үлкен қауіптің алдында тұрғанын айтады. Бұған себеп, Сауд Арабиясы блокаданы алып тастамайынша және өңірге гуманитарлық көмекті жеткізу қалыптастырмаған жағдайда Йеменде әлемдегі соңғы бірнеше он жылдықта болмаған ашаршылық болады. 

"Осы шаралар іске апаған жағдайда… Йеменде ашаршылқы болады. Бұл 2011 жылы Сомалиде 250 мың адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғадан әлде қайда асып түсуі мүмкін. Бұл әлемдегі соңғы бірнеше онжылдықта болмаған ашаршылық болады, оның құрбандары миллионнан асып кетуі мүмкін", — деді БҰҰ өкілі журналистерге берген сұхабтында.  

БҰҰ бас хатшысының орынбасары осы жағдайды ушықтармас үшін бес қадам ойластырғандарын мәлімдеді.


Дүйсенбіде араб коалициясы жер бетіндеге, әуе және теңіз порттарын жабатынын хабарлады. Бұған себеп: йемендік көтерілісші-хуситтардың Эр-Риядқа зымыран атуы. 

Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жүріп жатыр. Соның салдарынан бейбіт тұрғын зардап шегуде. Араб коалициясы Йемен үкіметін қолдайды.