Сыртқы істер министрлері кеңесінің ашылуында Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы, профессор А.Ихсаноглу сөз сөйлеп, ислам дүнерсіндегі проблемалар мен Ислам Конференциясы ұйымын жаңалау мәселелеріне тоқталды.
«Ұйым халықаралық тиімді құрылымға айналып, ХХІ ғасырдың ғаламдың қатерлері ахуалында мейлінге белсенді роль атқаруға тиіс»,- деді ол. Осы бағыттағы кезек күттірмес қадамдардың бірі ретінде Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылығының құрылымын жаңалау мәселесі аталды.
Мәслихатқа қатысушылар саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы ықпалдастықты күшейту, сондай-ақ, Ислам Конференциясы ұйымының қаржылық ахуалына қатысты мәселелерді талқылайды.
Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері халықаралық лаңкестікпен күрес және БҰҰ-ын реформалау мәселелерін сарапқа салады. Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде саяси тақырыптар топтамасы бойынша таяу шығыстағы дағдарысты реттеу, Ирак пен Ауғанстандағы ахуал, Кипр, Джамму және Кашмир проблемалары талқыланбақшы.
Экономика және мәдениет салалары бойынша кеңеске қатысушылар көп жақты сауда-саттықты дамыту, ислам елдерінің біртұтас рыногын құру перспективасын талқылайды. Өрткениеттер диалогы жөніндегі бүкіләлемдік декларация аясында ислам дүниесінің мәдени стартегиясын жүзеге асыру жолдары мен қаржы мәселелері жеке тақырып ретінде қаралады.
Сонымен бірге Ислам Конференциясы ұйымына Ресей, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппины елдерін бақылаушы ретінде қабылдау айрықша маңызды мәселе болмақ.
Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бұл жолғы кеңесі жалпы ислам әлемі мен ұйымды жаңалауға талпыныстар аясында өтіп отыр.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысуышлар жиынның күн тәртібіне сәйкес Қазақстанның Өрткениеттер диалогы жөніндегі бүкіләлемдік декларация аясында әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдау туралы ұсынысын, сондай-ақ, ұйымға мүше елдер тарапынан Семей өңірі мен Арал теңізі бассейніндегі экологиялық проблемаларды шешуге Қазақстанға қолұшын беру туралы резолюция жобасын қарайды.
Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші сессиясы 30-маусымға дейін созылады.