Британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының ақпарына қарағанда, жергілікті тайпалардың бірінің көсемі Садих әл-Ахмардың жақтастары мен билік әскері арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.
Тараптар бір-бірін соғысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп айыптап отыр.
Жергілікті оппозиционерлер президент Әли Абдалла Салехтың қызметтен кетуін талап етуді. Алайда, мемлекет басшысы тақтан кетуден бас тартты.