Йоханнесбург қаласында өткен сұлулық байқауында 8 жастағы кішкентай ақтөбелік ару «Әлем ханымы» атағына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йоханнесбург қаласында өткен сұлулық байқауында 8 жастағы кішкентай ақтөбелік ару «Әлем ханымы» атағына ие болды

Йоханнесбург қаласында өткен сұлулық байқауында 8 жастағы кішкентай ақтөбелік ару «Әлем ханымы» атағына ие болды

Желтоқсан айында Йоханнесбург (ОАР) қаласында өткен «King and Queen of the Universe» халықаралық сұлулық байқауында Камалия Коэтзи есімді 8 жастағы кішкентай ақтөбелік ару «Әлем Ханымы» атағына ие болды.

  • 6 Қаңтар 2011
  • 784
Фото - Caravan.kz

Сұлулық сайысына әлемнің 11 елінен келген 32 қыз бала қатысқан. Камалия Коэтзи 7 және 9 жас аралығындағы санат бойынша сұлулық ханшайымы атанды. «Миссис» санаты бойынша сынға түскен Камалияның анасы Лола Коэтзи «Бірінші ханшайым» атанды.

«Камалия осымен жетінші рет сұлулық байқауына қатысып тұр, ал халықаралық сахнаға екінші рет шықты, 2010 жылдың жаз мезгілінде Камалия Болгарияда өткен «King and Quеen of the World» байқауының жеңімпазы атанған еді. Ал Оңтүстік Африка Республикасында өткен байқауда Қазақстаннан тек Камалия ғана қатысты. «Ең үздік ұлттық киім» аталымы бойынша әділ қазылар алқасы қызымыз екеуімізді де атап өтті, мен оған өте қуаныштымын», — дейді Лола Коэтзи.

Қазір жас ару Ақтөбе қаласындағы №9 гимназияның үшінші сыныбында білім алып жүр.

Перейти к новостям спорта