Йозеф Блаттер ФИФА президенті болып қала беруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йозеф Блаттер ФИФА президенті болып қала беруі мүмкін

Йозеф Блаттер ФИФА президенті болып қала беруі мүмкін

2 маусымда отставкаға кететінін мәлімдеген Халықаралық футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттер   өз орнында қалуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС.

  • 15 Маусым 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Shvajts am Zontag газеті атап өткендей, ұйымдағы жанжалға қарамастан, 79 жастағы швейцариялықтың орнынан кетпеуін   африкалық, азиялық футбол қауымдастықтарының басшылары қалап отыр.

Еске салсақ, ФИФА тарихында Цюрихте 27 мамырда ірі жанжал орын алды. Ұйымның жоғарыда тұрған 7 шенеунігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күдікті ретінде ұсталды. Олар  АҚШ-қа экстрадациялануы мүмкін. Осымен бір уақытта шейцариялық тарап ӘЧ-2010, ӘЧ-2018 және ӘЧ-2020 ұйымдастырушы елдерді таңдау кезінде ақша қымқырумен байланысты белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

Судьяның шешімі бойынша Оңтүстік америкалық конфедерацияның бұрынғы президенті 86 жастағы Николас Леос  (1986-2013 жылдары басқарған) та үй қамаққа алынған, оның да  сыбайлас жемқорлық жанжалына қатысы болып шықты. Оған интерполда іздестіру жарияланды, экстрадациялау туралы сауал бойынша АҚШ-қа берілуі мүмкін.


Жанжал аясында 29 мамырда кезекті мерзімге сайланған  ФИФА басшысы Йосиф Блаттер отставкаға кететінін мәлімдеген. Ұйымның атқарушы комитетінің кезекті отырысы 20 шілдеде Цюрихте өтеді. Сол кезде ФИФА президенттігіне қайтадан сайлау өткізу күні айқындалады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера