Бұл туралы банктің Баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – Ұлы Даланың жаңғыруы мен жаңаруыныңнышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады. Біздің Банктің латын жазулы қазақша жаңа атауы — Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді», — деп Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматов пікірімен бөлісті.
Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге Банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.
«Біз транзиттік кезеңді сәтті өткеріп, Банкті толық сауықтырдық және бәсекеге қабілетті жаңа кредит өнімдерін іске қосып та үлгердік. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк 680 млрд теңгедан немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында»,- деді Б.Пірматов.
«Банк атауының Jýsan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өнімдеріміз бен қызметтеріміз инновациялық және ыңғайлы болуы көзқарасында ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jýsan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз»,- деді “First Heartland Jýsan Bank” АҚ Басқарма Төрағасы.