К. Байсейітова атындағы опера және балет театры Еуропа театрларының жетекші шеберлерімен өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К. Байсейітова атындағы опера және балет театры Еуропа театрларының жетекші шеберлерімен өнер көрсетеді

К. Байсейітова атындағы опера және балет театры Еуропа театрларының жетекші шеберлерімен өнер көрсетеді

Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» орталық концерт залында VIIІ «Опералия-2013» Халықаралық фестивалі аясында опера өнері шеберлерінің қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концерт өтеді.

  • 6 Маусым 2013
  • 585
Фото - Caravan.kz

Концерттік бағдарламада Еуропа театрларының жетекші солистері Моника Тароне (сопрано), ДжанлукаТерранова (тенор), Италиядан Пьетро Риццо (дирижер) өнер көрсетеді, деп хабарлады astana. kz сайты Астананың 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушылар комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, VIIІ «Опералия-2013» Халықаралық фестивалі аясында «Әлемдік балет жұлдыздары» гала-концерті өтеді.

Аталған концертте Санкт-Петербургтың Михайловский театрының премьералары Леонид Сарафонов және Оксана Бондарева, «Сан-Франциско-балет» АҚШ ересектер балет труппасының прима-балеринасы Мария Кочеткова, Метью Голдинг Одесса ұлттық опера және балет театрының премьералары Мидори Терада мен Окава Коя, Мюнхен балетінің премьерасы Люсия Лаккара, Ресейдің Үлкен театрының солистері Анжелина Воронцова мен Артемий Беляков, сондай-ақ, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солистері Мәдина Басбаева және Рүстем Сейтеков, Таир Гатауов пен Әйгерім Бекетаева өнер көрсетеді.

Перейти к новостям спорта