К. Мәсімов: атом энергетика саласындағы отандық ғылыми зерттеулермен таныс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К. Мәсімов: атом энергетика саласындағы отандық ғылыми зерттеулермен таныс болды

К. Мәсімов: атом энергетика саласындағы отандық ғылыми зерттеулермен таныс болды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Дисциплинаралық ғылыми-зерттеу кешенінде болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығының баспасөз қызметі.

  • 23 Маусым 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының Дисциплинаралық ғылыми-зерттеу кешеніне сапары кешегі Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының жалғасы болды, ШҚО-да К.Мәсімов ҚР Ұлттық ядролық орталығының нысандарын аралаған болатын.

Үкімет басшысына кешеннің негізі — 2006 жылы пайдалануға берілген ДЦ-60 ауыр иондарды үдеткіш құрылғысы таныстырылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Бас директоры Қайрат Қадыржановтың айтуынша, радиациялық және ядролық технологияларды дайындау мен енгізу шаралары, фундаменталды зерттеулер мен өзіміздің мамандарды даярлау ісі қарқынды жүргізіліп жатыр.

Кездесу соңында Үкімет басшысы жаңа материалдар және технологиялар, электронды микроскоп зертханасының жұмысымен таныс болды.

Соңғы жаңалықтар