К. Мәсімов орынбасары Ербол Орынбаевқа оқулықтардың сапасына қатысты кеңес өткізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К. Мәсімов орынбасары Ербол Орынбаевқа оқулықтардың сапасына қатысты кеңес өткізуді тапсырды

К. Мәсімов орынбасары Ербол Орынбаевқа оқулықтардың сапасына қатысты кеңес өткізуді тапсырды

Үкімет басшысы К. Мәсімов өзінің орынбасары Ербол Орынбаевқа оқулықтардың сапасына қатысты кеңес өткізуді тапсырды.

  • 13 Маусым 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысы барысында Үкімет басшысы халық қалаулылары тарапынан оқулықтардың сапасына қатысты сауалдар көп түсетінін айта келе, осы орайда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтан аталған мәселелерге қатысты пікірін сұрады.

Өз кезегінде халық қалаулылары тарапынан оқулықтардың сапасына қатысты түскен сауалдар мен сындардың негізсіз емес екендігін айтқан ол: «Қазақстан ешқашанда өзінің оқулығын шығарумен айналысқан емес. Оқулықтардың жаңа буынын біз тәуелсіздік алғаннан кейін іске қостық. Мол тәжірибеміз жоқ. Дегенмен, осы жайттарға қарамастан өткен жылдан бастап оқулықтарға 3 деңгейлі сараптама өткізуді енгіздік»,-деді. Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта «Оқулық» орталығы кітаптың білім стандарттарына сай келуіне, мазмұнына сараптама жүргізеді. Осыдан кейін аталған оқулық Ы. Алтынсарин атындағы академия қарауына түсіп, қалған батыттар бойынша сараптамадан өтеді. Үшінші кезекте республикалық кеңес қарауына беріледі. Аталған кеңестің құрамына білім саласында еңбек еткен қазіргі уақытта Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

«Өткен жылы осы республикалық кеңес оқулықтардың сапасын қарады. Біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Дегенмен бұл шек емес. Білім және ғылым министрлігінің ұстамы басқалармен белсенді жұмыс істеуге бағытталады»,-деді Б. Жұмағұлов.

Өз кезегінде, Премьер-Министр орынбасары Е. Орынбаевқа Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп оқулықтардың сапасына қатысты кеңес өткізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар