Бұл туралы ҚР Премьері Кәрім Мәсімов бүгін Мәскеуде өткен конференцияда мәлім етті.
Қазақстандық тараптың үкіметаралық және мемлекетаралық деңгейде қабылданған келісімдер мен барлық шешімдерді және басқа да қажетті шараларды жүзеге асыруды мақсат етіп отырғанын атап көрсеткен Премьер, «Кеден одағы бизнеске және біздің елдеріміздің азаматтарына, оны құру барысында жоспарланған барлық мүмкіндіктерді беруі керек», деді.
«Құрылып жатқан Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүмкіндіктерін және бәсекеге қабілеттігін көрсету үшін, барлық қажетті іс-шараларды қысқа мерзім ішінде жүзеге асыра аламыз. Біз, Қазақстанда - Үкімет пен бизнес құрылымдар - алға қойылып отырған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Премьер.