Жарияланды: 500

К. Прунскене: Қазақстан тұрақтылықтың, бірізді реформаның және дамудың үлгісіне айналды

Елбасының атына туған күнімен құттықтаған хаттар түсіп жатыр, деп хабарлады «Нұр Отанның» баспасөз қызметінен.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауға және Сізге халқыңыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз. Сіздің дана мемлекеттік саясатыңыздың арқасында Қазақстан тұрақтылықтың, бірізді реформаның және дамудың үлгісі атанып отыр. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент мырза Сізге, Литва Халықтық партиясының атынан өзіңіз жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясымен арадағы партияаралық ынтымақтастыққа көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бұл ынтымақтастықтың елдер мен халықтардың арасындағы өзара тиімді байланысты нығайтуға лайықты үлес қосатындығына сенімдімін», - дейді Литва Республикасының бірінші Премьері, Литва Халықтық партиясының төрағасы Казимир Прунскене.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін