"Қабатовты Қабатов қылған Алла, ажырасып жатқан жалғыз ол емес": Жайдарманшының жас әйелі тағы да елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 466.33
  • 538.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қабатовты Қабатов қылған Алла, ажырасып жатқан жалғыз ол емес": Жайдарманшының жас әйелі тағы да елді шулатты

"Қабатовты Қабатов қылған Алла, ажырасып жатқан жалғыз ол емес": Жайдарманшының жас әйелі тағы да елді шулатты

Танымал жайдарманшы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызы желіде күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 6 Сәуiр
  • 7
Фото: Instagram/t_a_d_d_s_

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеген.

«Кімнің кім екенін де көрдік, естідік, түсіндік. Бір құс секілді қанатымызды қағып жіберіп, ары қарай ұшып барамыз. Оған ешкімнің таласы жоқ. Қабатовты Қабатов қылған Алла және тынымсыз еңбегі. Неге сіз Қабатов болмайсыз мысалы? Неге болмайсыз?

Ең болмағанда әлеуметтік желілерден бірдеңе пісіріп, неге атың шықпай жатыр? Неге? Бірақ өсек айтқанда, қорғағанда алдыңа жан салмайсың. Неге? Себебі сен Қабатов емессің. Әр сөздің де жаны бар. Алла әр жанды ерекше дарынмен жаратады. Маңдайына жазады.

Баланың алдына ойыншық тастаған сияқты, қазіргі біздің қоғамда да Қабатовты тастай салсаң болды. Бар айтары да, бар білері де белден төмен біреудің шекарасы. Өз құқын білмеген адам, елдің дәрежесін қайдан білсін?

Қазір қайтсем де елді көзіне түссем екен деп, аға буын, іні-бала буын, өнер, бизнес, өкімет болсын, кім болса да сол Қабатов деген брендті тілдеріне тиет етіп алған. Соны пайдаланып, әлеуметтік желілерде не болса соны жазып, даттап, сөгіп, қарғап-қаралап, ойларына не келсе соны жазып отырғандар көп.

Әлемде жалғыз Тұрсынбек ажырасып па? Қай баласын далаға тастапты? Қай баласын қараусыз, аш қалдырыпты? Сіздер талқылайтын әңгіме емес. Жеке өмір сол үшін жеке деп аталады. Қабатов деген брендтің құлағанын күтіп жүрген жандар көпсіздер. Бірақ Алланың басына берген бағын, таңдайына берген өнерін ешкім де, ешқашан да тартып ала алмайды», — деп жазды ол.

Десе де біраз уақыттан кейін, жайдарманшының екінші әйелі аталған жазбасын өшіріп тастады.