Марат Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.
Айыптар дәлелденіп, Күштібаевқа қатысты 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.