Кабул қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сауда министрлерінің кеңесі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабул қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сауда министрлерінің кеңесі өтуде

Кабул қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сауда министрлерінің кеңесі өтуде

Кабул қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сауда министрлерінің кеңесі өтуде.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 464
Фото - Caravan.kz

Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігіне Ауғанстан мемлекет басшысының әкімшілігінен хабарлағанындай, Кабулда бұл отырысқа айрықша мән берілуде. «Осындай отырысты Кабул қаласында өткізу арқылы біз Ауғанстандағы қазіргі экономикалық қиындықтарға Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің назарын аударуды көздеп отырмыз. Бұл кеңестен кейін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Ауғанстан экономикасын қайтадан жаңғыртуға қазіргіден де белсендірек атсалысады деп сенеміз»,- деді агенттікке сұхбат беруші.

Кездесуге қатысушылар өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты пәрмендендіру, Ауғанстан экономикасын қайтадан жаңғырту және аталмыш елге шетелдерден инвестиция тарту мәселелерін талқылауда. Отырыста Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұрақты жұмыс істейтін мекемесі — Сауда палатасын құру мәселесі де шешімін табады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Иран, Түркия және Пәкістанның қатысуымен 1985-жылы құрылған. 1992-жылы оған Ауғанстан және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сынды бұрынғы Кееңстік республикалар бірікті. Ұйым оған мүше елдер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, банк, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы салаларында аймақтық байланыстарды нығайтуды басты мақсат тұтады.

Соңғы жаңалықтар