Кабулда жанкешті аялдама жанында өзін жарып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда жанкешті аялдама жанында  өзін жарып жіберді

Кабулда жанкешті аялдама жанында өзін жарып жіберді

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда әскерилер отырған автобус жарылып, 3 адам қаза тапты. 10 сарбаз ауыр жараланған.

  • 3 Қазан 2014
  • 170
Фото - Caravan.kz


Шахид белдігін байлаған жанкешті автобус жанына келіп өзін өзі жарып жіберген. Бұл осы аптадағы Ауғанстанның ұлттық әскери күшіне жасалып отырған екінші лаңкестік шабуыл. Сейсенбі күні ғана осындай жойқын жарылыстан 7 адамның өмірі қиылған болатын. Бұл жолғы лаңкестік әрекетті де «Талибан» ұйымы мойындарына алыпты. Содырлар мұны Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің АҚШ-пен арадағы келісіміне жауап деген.