Каддафи Назарбаевқа мұсылмандардың тұңғыш атом бомбасын жасауды ұсынған болатын - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каддафи Назарбаевқа мұсылмандардың тұңғыш атом бомбасын жасауды ұсынған болатын

Каддафи Назарбаевқа мұсылмандардың тұңғыш атом бомбасын жасауды ұсынған болатын

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев бір кезде Ливияның экс-басшысы Муамар Каддафидің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатын жариялауды ұсынды.

  • 29 Қараша 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Жас мемлекет тарихында болған бірнеше қызықты көріністер жадымда қалыпты. 1992 жылдың басында Сыртқы істер министрлігіне Ливия жетекшісі Муамар Каддафидің Қазақстан президентіне жолдаған хаты келіп түсті. Хатта ол ел аумағындағы ядролық арсеналдарды «мұсылмандардың тұңғыш атом бомбасы» ретінде сақтап қалуды ұсынды және оны ұстауға миллиардтаған сома бөлуге уәде берген», — деді ол бейсенбі күні «Тұңғыш Назарбаев оқулары «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халықаралық форумында.

«Бұл хат мұрағаттарда сақтаулы тұрған шығар. Меніңше, келешек саясаткерлердің сол бір күрделі кезеңдегі жағдайды ұғынуы үшін хатты жариялау керек», — деп қосты ол.
Қ.Тоқаев «Кеңес одағы құлағаннан кейін Қазақстан аса қиын экономикалық проблемаларға душар болды, анау-мынау жауапсыз саясаткер болса сол кезде бай мемлекет басшысының ұсынысына қызығып қалар еді» деп атап өтті.
«Алайда, — деді ол, — нағыз мемлекеттік қызметкердің қарапайым саясаткерден айырмашылығы стратегиялық ойларды басшылыққа алатынында».