Каирдегі тәртіпсіздіктердің салдарынан мыңнан астам адам жарақат алды
Каирде манифестшілер мен полиция күштерінің арасында болған қақтығыстың салдарынан мыңнан астам адам жарақат алды. |
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Зардап шеккендердің ішінде 40 тәртіп сақшысы бар.
Каирдегі тәртіпсіздіктер сейсенбі, 28 маусым күні басталып, сәрсенбі күні де жалғасты. Экс-президент Хосни Мүбарактың әріптестерінің үстінен қозғалған істер бойынша соттың кейінге қалдырылуы халықтың наразылығын туғызып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбі, 26 маусым күні Каир қылмыстық соты елдің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли мен қол астында қызмет еткен алты адамның сотын 25 шілдеге ауыстырған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін