Қос ақынның айтқан әні Tik Tok әлеуметтік желісінде кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Өзбектердің жақсысын-ай,
Ударлардан қашты былай,
Қара, дайындалған қалай.
Жеңіс алған күміс, алтынды
Құттықтаймын өзбек халқымды.
Өз көршімсің менің, менің өзбегім.
Диораның мықтысын-ай,
Абені де ұтты былай
Қара, подсечкасы қалай.
Жеңіс алған күміс, алтынды
Құттықтаймын өзбек халқымды.
Өз көршімсің менің, менің өзбегім», — дейді өзбек халқына ән арнаған ақындар.
Өнер иелері қырғыз халқын құттықтауды да ұмытпаған.
«Қызыл желек, желбіреткен
Қырғыз неткен ержүректі ең,
Бір туғанның әр медальін
Құттықтаймыз кең жүрекпен.
Қызыл желек, қызыл желек
Қазақ үшін орның бөлек
Бір туғандар бірін бірі
Өз еліндей қолдау керек
Қызыл желек, қызыл желек
Жанкүйермін сені демеп
Ақжол менен Демеу сынды
Екі ел бауыр болу керек», — деді қырғыз елін құттықтаған ақындар.
Ал, желі қолданушылары «көршілердің» алтынына қуанған ақындарды қатаң сынауда.
«Ия, біз жұрттың алтынына қуанып отыра берейік», «Қазақ жеті алтын алғанда қай өзбек ән арнады?», «Ия, көршінің алтынына қуанып отыра берейік», «Өзбекстан жүз алтын алса да бізге не пайдасы бар?», «Олимпиаданы қатырмасақ та әнді қатырамыз», — деп жазды олар.