Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер бұл жолы үлкен ұлы Қайрат Нұртаспен шетелге шығып, демалуды жөн көрген.
“Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айдарбекованың бұл әрекетін жақтырмаған. Олар желіде сыни пікірлерін жаудырып жатыр.
“Қайратты отбасынан ажыратпауы керек. Қызғансаң да, қимасаң да оның отбасы бар. Ән сапардан келгенде әйелі күтіп алмай ма?!”, “бәріне Гүлзира кінәлі емес”, “Жұлдызбен неге бармайды”, “Қайратты кейде аяп кетемін”, “Қайда жүрсе де шешесі қалмайды”, – деп жазды көпшілік.