Қайтара алмайтынымды біліп тұрса да, ойланбай кредит алып берді - танымал актер туған інісіне су жаңа пәтер сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.6
  • 589.95
0 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайтара алмайтынымды біліп тұрса да, ойланбай кредит алып берді - танымал актер туған інісіне су жаңа пәтер сыйлады

Қайтара алмайтынымды біліп тұрса да, ойланбай кредит алып берді - танымал актер туған інісіне су жаңа пәтер сыйлады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. Актер жан сырымен желідегі парақшасында бөлісті. "Өзінен 3 жас үлкен, қарызға батып

  • 3 Наурыз
  • 3
Фото: Instagram/erkebulan_toktar

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актер жан сырымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Өзінен 3 жас үлкен, қарызға батып кеткен, саған келіп: «Кредит алып берші, өз атыңнан, мен қайтарамын» деп тұр. Оның кредитінің көп болғаны соншалық, оған ешкім кредит бермей қойған. Келіп тұрған туған ағаң мысалы.

Солай мен барғанмын ғой, ініме, осыдан 5 жыл бұрын. Өйткені мен бәрінен кредит, қарыз алып, ставкаға тыға бергенмін. Микрокредит қатты қанымды ішкен, шотты жауып тастаймыз деген. Маған жоқ дегенде 300 мың теңге болса, екі микронесиемді жауып алсам деп ойладым.

Ары қарай кредиттерімді жабамын деген оймен ініме бардым. Ағасымын ғой, ұялып, қалай болады екен деп, ініме бардым. Барсам, ойланбай: «Болды, алып беремін» деді. Маған соны алып беремін, мен микрокредиттерімді жауып, кредиттерімді жауып, адам болып кеттім. Қарыздарымнан құтылдым. Сол кезде бермегенде, мен ары қарай сынып, адам болмай кетер ме едім

Сондықтан біріншіден, ол менің бауырым, туғаным. Мен қайтара алмайтынымды біліп тұрса да, маған беріп тұр. Сол үшін мен ақшамды бәрін жинап, кеше мына пәтерді сатып алдым. Төрт жыл болды үйленгелі, әке-шешеммен бірге тұрады, екі баласы бар, әке-шешем де, ешкім де білмейді», — деді актер.