Калачи ауылындағы радиациялық фон Астана мен Алматыдағы көрсеткішпен бірдей - Энергетика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи ауылындағы радиациялық фон Астана мен Алматыдағы көрсеткішпен бірдей - Энергетика министрлігі

Калачи ауылындағы радиациялық фон Астана мен Алматыдағы көрсеткішпен бірдей - Энергетика министрлігі

Тұрғындары түсініксіз себептермен ұйқы ауруына ұшыраған Калачи ауылындағы радиациялық фон Астана мен Алматыдағы көрсеткішпен бірдей.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 999
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

«Калачидегі адамдардың жаппай ұйқы ауруына ұшырауына ауылда бұрын болған уран шахталарының қатысы бар деуге ешқандай тікелей алғышарттар жоқ. Соған қатысты тікелей белгілер де байқалмады. Сонымен қатар, қазір Калачи ауылында ядролық және радиоактивті қауіпсіздік бойынша толық мониторинг жүргізіліп жатыр. Онда жұмыс істеп жатқан арнайы топ радиациялық фонның ешқандай өзгерісін байқамады. Калачи ауылындағы рациациялық ахуал Астана мен Алматыдағымен бірдей, — деді Б. Жақсалиев.

Перейти к новостям спорта