Жаңа оқу жылы басталысымен 9 баланың ойнап жүріп қалғып кеткені жұртты бір дүрліктіріп еді. Сол кезде тағы да Денсаулық сақтау министрлігінен мамандар келіп, бұрынғы уран кенішінің маңын зерттеп, радиация мөлшерін өлшеген. Бірақ ештеңе тапқан жоқ. Кейін белгісіз ауру сәл саябырсығандай болған. Енді тағы екі адам қалың ұйқыға кетіп отыр. Сырқат әрі жас таңдамайды. Осы жолы ауруханаға түскендер – 75 және 80 жастағы қарттар. Жалпы ауру белгілері байқала бастағалы 60 адам аурухана төсегіне таңылған екен. Ал жұмбақ сырқаттың себебі әлі анықталмай жатыр.