Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында отырыс өтті. Cөз алғандардың бірі — көрнекті сазгер Қалдаяқовтың келіні
«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа беремін», — деді ол.