Ол бойжеткенге батыл болуға шақырып, қоғамнан әлі де талай қысым көретінін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист өзінің өткір пікірін Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Бірінші біздің патриархалды әрі сексист, мазахист қоғам туралы айта кеткенді жөн көріп отырмын. Шын мәнінде Әнаруды мазақ етіп, оны жезөкше кейпіне енгізгісі келіп отырған еркектер қауымы Жанқошқа жаны ашып тұрған жоқ. Олар өздерін ақтау үшін, мәдениетті қылып зорға ұстап жүрген денелерінің ішкі түкпірінде тығып ұстап отырған бір-бір «Жанқош» жатыр… олар үшін зорлық норма, «тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді деген» өздерін ақтайтын мақалы бар…
Сол дүрмекке қосылып отырған әйелдер қауымының көбісі өзін тым тәрбиелі, түзу жолдағы адам етіп көрсеткісі келетін, не өмірі сондай батпан зорлықпен өткен. Өзі көнгесін бәрі көну керек деген логиканың құрбандары…
Әнару оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Мен бұл жерде Әнарудың өтірік айтпағанын білем. Себеп, Әнару бұндай тағдыр тәлкегіне түскен жалғыз бойжеткен емес. Біздің қоғамда дәл осындай тағдыр тәлкегіне түскен қыздар өте көөөп… мәселе, көбі «Ұят», «Ар-намыс» деген дүниелерді алға тартып ішінде сақтап қалады… тіпті ата-анасын қарабет етпеймін деген ниеті үшін ғана өзін қиып жіберген қыздар қаншама… Әнару осының бәрінен қорықпай батылы барып айтқаны үшін, күреске шыққаны үшін респект…
Бұны сот шешеді ғой деп ақылгөйсудің қажеті жоқ. Себеп біздің елде әділ сот жоқ… ақша мен атақ қосылғанда бәрі сенің пайдаңа шешіледі… ал бұл жерде бір арудың тағдыры қыл үстінде тұр… Әнаруға әлі талай қыспақ көрсетіледі… оған біздің нақұрыс қоғам қосылады… естеріңізге мына жәйді да сала кетейін… ботоферманы тек билік жалдамайды, ақшасы бар кез келген адам жалдай алады… себеп, олар моральсыз, принципсыз, арсыз малдар ғой… лақтырған сүйекке мәз… Жанқошты жақтап жазып жатқанның барлығынікі өз ойы емес… біреу нақұрыстықтан, біреу ақшаға жазып отыр…
Әнару жиырма жастан енді асқанда осы қақпанға түсіп қалды. Ол кезде ол жас болды, көнді… уақыт өте келе адам есейеді… онымен қоса санасыда есейеді… Әнару өзің үшін өзің күреспесең ешкімге керегің жоқ екенін енді түсінген шығар… ол сол Жанқошпен жүрген 6-7 жылында жезөкшелік пиғылы үшін емес, мүмкін жақсы көрген болар, мүмкін сенген болар әйтеуір біраз уақытын өткізіп алды. Мүмкін алдаңғанын кеш түсініп сол ең аяулы жастық кезеңі үшін іші қарып күрес жолына түскен шығар… бірақ, анығы барлық ситуацияны көтпен өлшейтін қоғам айтқандай жезөкшелік пиғыл жоқ мұнда… болса, ың-шыңсыз Жанқош жағдайы бар жігіт қой, ақшасына суғарылып жүре бермей ма… жиырма жасар қызды манипуляциямен ұстауға болады… бірақ, мақсат пен бағытын айқындап алған адамды енді ұстау қиын болады…
Жанқоштың әйелінің пікірін оқып тіпті шок болдым… бір жағынан аяп кеттім… негізі аянышты жағдай ғой… үрей. Сау адам, өзін құрметтейтін әйел бұлай айтпауы керек еді… ол әйелдің бойында отағасыз жалғыз қалу комплексы тұр. Ол тіпті тексеруге зауқы жоқ. Неге? Неде болса отбасыдан айрылмау принципі… себеп, жалғыз басты әйел болып өмір сүру біздің қоғамда расымен трагедия әрі қауіпті… ол кісініде түсінуге болады… бірақ, бәрі бір «женский солидарность» болуы керек деп ойлаймын…
Әнарудың әкесі туралы көп айтылды… кезінде әкесінің қадірсіз пікірі мен қылығы үшін балаларына тиді деп жатыр… мен бұдан асқан тұрпайы қоғамды көрмесем екем деп тілеймін… ешқашан әкенің де, шешенің де қателігі үшін бала тағдырымен жауап бермеу керек… тағдыры түгіл титтей ақталуғада міндетті емес… ал сондай бумерангқа қол соғу барып тұрған зұлымдық. Өмір расымен бумерангшыл, сондай әділ болса әр адамның жазасын өзіне берсін… өшін барып баласынан алса ол бумеранг емес, әділетсіздік қой…
Бағана Әнарудың бір құрбысының жазғанын оқып қалдым. Оның әнші болғысы келгенін, кезінде тіпті әкесінен көмек сұрап барғанын жазыпты. Әкесі көмектеспейтінін айтыпты…
Мен ойлаймын Қалдыбек деген өресіз адам ғой. Қолында бар дүниені баласына бере алмаған сорлы ғой… соған қызыңыз осындай жағдайға түсіп жатыр, қиналып жатыр көмектеспейсіз ба дегендер болған шығар… Қалдыбек айтқан шығар, өзіненде бар аумаған шешесі ол шешесі сияқты кезінде шешесіде менен жүріс жүріп туған жоқ па оны деп… Қалдыбектің өресі осы ғой… сол құрбысының жазбасында кезінде әкесі көмек қолын созғанда, ол қыздың тағдыры басқаша боларма еді деген күйініш бар… расымен, Қалдыбектің Әнарудың алдында зор-батпан кінәсі бар… тым құрығанда әке боп осындай сәтте жанынан табылып, қорған болмайма… Қалдыбекте бұндай өре қайда бірақ…
Ойбай, бұл АЭС-тан елдің назарын бұру деген ерекше ақыл иелері үшін. Жалпы АЭС салуға деген қарсылық ең бірінші неден туындап отыр? Ресей салатындықтан. Неге Ресейге деген агрессия бар? Себеп ол адам өмірін құнттайтын мемлекет емес… ол империалист әрі агрессор ел… сол үшін оған қарсылық күшті… ұзақ созбақтамай айтқанда адам хақы үшін күрес ылғи бірінші орында болуы керек! Черчилльше айтқанда мәдениетке ақша бөлмесек не үшін соғысып жатырмыз? Сондықтан адам хақы мен хұқы үшін болыспасақ АЭС-қа қарсы шығып не керек?
Әнаруға айтарым, тайсалма… сен үлкен қадам жасап отырсың… иә, ертең сені қыспаққа алып тіпті ештеңе болмағандай бұл істі жабуы мүмкін… сен қаншама қыздың тұншығып жатқан шырылын қоғамның бетіне алып шықтың… қыз қадірін көтпен өлшейтін қоғам айта береді… сен осы ісіңмен-ақ қадірлісің…
Сен ертең мына жемқор, әділетсіз жүйемен бетпе-бет шығасың… әлеуметтік желіде ар сатып күн көріп отқан ботоферманың буллингына ұшырайсың… көрер қасіретің алда әлі((
Шіркін, Динара Сәтжан, Баян Есентаева т.б. үлкен аудиториясы мен моральдық принципы бар кісілер өз қорғауларына алса ғой… Әйтпесе сотта жеңіліп тұр…», — деп жазды журналист.