Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда жаңа рекордтар орнатылды. Ерлердің арасында канадалық Денни Моррисон көш бастады. Ол аталған қашықтықты 35 секундта ( 34,98) бағындырды. Ал 35,64 көрсеткішімен ресейлік Денис Юсков екінші, поляк Збигнев Брудка үшінші орында.
Осы турнирді 6 рет ұтқан голландиялық Свен Крамер бұл жолы мәреге 10-шы болып жетті. Ал қазіргі чемпион Кун Вервей мәреге жетпей, жарыс жолынан шықты.
Ал әйелдер арасында АҚШ өкілі Хизер Ричардсон 37,11 нәтиже көрсетіп, 2006 жылғы Синди Классеннің жетістігін 0,4 секундқа қысқартты. Екінші орын жарыс қожайыны — Кали Кристке, ал үшінші орын соңғы төрт турнирдің жеңімпазы, голландиялық Ирен Вюстке бұйырды.