Калифорния жағалауына кеміргіштерге толы жұмбақ кеме жүзіп келген (фото) - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калифорния жағалауына кеміргіштерге толы жұмбақ кеме жүзіп келген (фото)

Калифорния жағалауына кеміргіштерге толы жұмбақ кеме жүзіп келген (фото)

Калифорния жағалауында  белгісіз кеме табылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Mirror, Daily Mail және The Sun-ға сілтеме жасап. Кеме кеміргіштерге толы болған.

  • 20 Қараша 2017
  • 194
Фото - Caravan.kz

 

Кеме 2013 жылы Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жоғалып кеткен ресейлік «Любовь Орлова» кемесі болуы мүмкін. Себебі кеменің ұзындығы дәл ресейлік кеменің ұзындығымен сәйкес келеді. «Любовь Орлова» 295 футты (89 метр) құраған.

Аталмыш кеме 1976 жылы салынған. 1999 жылы ол америкалық компанияға берілді. Одан кейін кеме металл сынықтарын жинайтындарға сатылған. 2013 жылдың қаңтар айында «Любовь Орлова»-ны Канададан Доминикан республикасына әкеле жатқанда арқан үзіліп кетіп, кеме мұхит түбіне батып кеткен.