”Қалың мал мен махрдың айырмасы неде”: Дінтанушы жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қалың мал мен махрдың айырмасы неде”: Дінтанушы жауап берді

”Қалың мал мен махрдың айырмасы неде”: Дінтанушы жауап берді

Тарихшы, дінтанушы Ернар Атаұлан махр мен қалың малдың айырмашылығын түсіндіріп берді.

  • 1 Сәуiр
  • 122
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол qazaq_media06 Instagram парақшасына берген сұхбатында қалыңмал мен махрдың екі бөлек төленетінін айтты.

”Қалың мал мен махрдың айырмашылығы туралы дау туындап кетті. Екеуі бірге немесе бөлек дейтіндер де бар. Әртүрлі пікірлер айтылады. Қазақта қалың мал деген сөзден қалыңдық деген сөз шыққан. Қалыңдық, яғни оның әйелі емес. Демек, қалың малды белгілі бір дәрежеде бөліп, беріп қояды. 100 түйе десе соның 50-ін беріп, айттырып қойған қыз баланы қалыңдық деп атайды. “Пәленшенің қалындығы”, яғни қалыңын төлеп қойды дейді. Кейін артынан қалың малды толық әкелген кезде ата-анасы толық ұзатады. Бірақ қалың мал мен махр бірге дейтіндер де бар. Бұл пікірге дерек аз. Өйткені Ыбырай Алтынсарин қыз балалар ұзатылған кезде қалың малдың көлемін бөлек, келіншекке берілетін сыйлық туралы бөлек жазады. “Ол сыйлық 1 түйе” деген деректер бар. Келіншектің бөлек сыйлығы болатын болса, оны махр деп қабылдауға болады. “41 сиыр қалың мал және 1 түйе қыздың өзіне берілетін сыйлық” деген сөздер кездеседі. Отбасы мәселелеріне кейбір жерлерде, өңірлерде қалың малмен махр екеуі екі бөлек екенін көруге болады”, — дейді ол.