«КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісін өлтірген деген күдікпен 3 адам қолға түсті
«КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісін өлтірген деген күдікпен 3 адам қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті. |
«Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Айыртау ауданында Державинск қаласының 42 жастағы тұрғынын өлтірген Астананың 26 жастағы және Ақмола облысының бұрын сотталған 2 тұрғынын ұстады», - деді ол.
Оның айтуынша, 28 маусымда жәбірленушінің Атбасардан Державинск қаласына жүк тасымалдау үшін жалданғаны анықталған. Атбасар-Қыйма тас жолында қылмыскерлер көлік жүргізушісін шолақ мылтықпен атып өлтіріп, мәйітін Ақмола облысына қарасты ауылдардың бірінің тұсына көміп тастаған. Тұтқындалғандардың айтуынша, олар «КамАЗ» жүк көлігін иемденіп, содан кейін сатып жібермек болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін