Камбоджа жарақат алған отандасымыз ақыры ес жимастан бақилық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Камбоджа жарақат алған отандасымыз ақыры ес жимастан бақилық болды

Камбоджа жарақат алған отандасымыз ақыры ес жимастан бақилық болды

Комбоджадан елге жеткізілген Лариса Шамова араға небәрі үш күн салып көз жұмды. Шетелде саяхатта жүріп, оқыс жағдайға тап болған 48 жастағы отандасымыз өткен жұмада арнайы ұшақпен Алматыға жеткізілген болатын. Алайда отандық дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, осыдан үш апта бұрын Камбоджадағы Ангкок-Ват ғибадатханасын тамашалауға шыққан Лариса Шамова абайсызда жеті метрлік баспалдақтан құлап кеткен. Содан басынан ауыр жарақат алған келіншек Пномпень ауруханасында 20 күннен астам уақыт ес-түссіз жатты. Дәрігерлер осы уақытқа дейін оның тек арнайы аппараттың көмегімен ғана тыныс алып келгенін айтады.


Иван Ли, №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

— Лариса Шамованың жағдайын Бангкок дәрігерлерімен хабарласып, біліп тұрғанбыз. Өте ауыл халде келді. Бас сүйегі ғана емес, жанбасы, қабырғалары бірнеше жерлерінен сыныпты. Ал миы сол елде-ақ өліп қалған. Сондықтан құтқарып қалу мүмкін болмады.   

Соңғы жаңалықтар