Камбоджада зардап шеккен қазақтандық туристтің әріптестері оны елге жеткізуде көмек сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Камбоджада зардап шеккен қазақтандық туристтің әріптестері оны елге жеткізуде көмек сұрап отыр

Камбоджада зардап шеккен қазақтандық туристтің әріптестері оны елге жеткізуде көмек сұрап отыр

Камбоджада зардап шеккен қазақстандық турист 48 жастағы Лариса Шамованың жағдайы өзгерген жоқ, деп хабарлайды оның әріптестері.

  • 8 Шiлде 2011
  • 568
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, ол Камбоджаға өз бетімен саяхатт жасау кезінде зардап шеккен. Куәгерлердің айтуынша, әйел храмға көтерілу кезінде 7 метр биіктіктен құлап кеткен.

«Ол үшінші деңгейдегі комада жатыр… бұл кезде адам өмір мен өлімнің арасында болады. Мұндайда науқас кез-келген сәтте көзін ашады деген үміт бар», — дейді оның әріптесі Елена Мартынова.

Жергілікті ауруханада емделу қымбатқа түсіп жатыр. Қазіргі уақытта Ларисаның туыстары мен әріптестері аурухана шығындарын төлеуге және оны Қазақстанға жеткізуге қаржы іздестіруде.

«Бүгін таңертең бізге 32,7 мың доллар соманың есепшотын ұсынды. 14 мың доллар сомаға берілген сақтандыру бұл шығынды өтей алмайды», — дейді оның әріптестері. Олардың айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған әйелді тасымалдау үшін 100 мың еуро қажет.

Ол жұмыс істейтін компания банкте қаржы жинау үшін арнайы есепшот ашты, олармен 8 (727 2) 62-89-97 телефоны арқылы байланысуға болады.

Соңғы жаңалықтар