Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 20 жасар жігіт 12 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 20 жасар жігіт 12 жылға сотталды

Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 20 жасар жігіт 12 жылға сотталды

Түркістанда 2005 жылы туған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Оған 16 жасқа толмаған адамды зорлау және жыныстық қатынасқа түсу (ҚР ҚК 120-бабы, 3-бөлім, 1-тармақ; 122-бап, 1-тармақ) бойынша айып тағылды.

  • 26 Ақпан
  • 170
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жігіт пен қыз әлеуметтік желі арқылы 2023 жылы жаз мезгілінде танысқан. Қыз жігітке 2008 жылы екенін, әлі 14 жасқа да толмағанын айтса да жігіт кездесуін сұрап қоймаған. 2023 жылы қыркүйекте пәтерде болған туған күнге жігіт кәмелетке толмаған қызды үйіне шақырған. Туған күннен кейін екеуі жыныстық қатынасқа түскен. Содан кейін де кездесіп жүре берген. Барлығы 2024 жылдың наурыз айында аяқталған. Ол жігітпен жалдамалы пәтерде болған. Кәмелетке толмаған қыз таңға жақын үйіне келген. Сол кезде анасына бәрін мойындаған. Ал ата-анасы бірден полицияға арыз түсірген.

Жігіттің бір-бірін жақсы көретінін, оған үйленетін ойы назардан тыс қалған. Сотта қызды зорлағаны анықталмады, алайда кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені расталды.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жас жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.