Кәмелетке толмағандар үшін QR-код енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмелетке толмағандар үшін QR-код енгізілді

Кәмелетке толмағандар үшін QR-код енгізілді

QR-код прокурормен кезек күттірмей чат бастауға мүмкіндік береді

  • 14 Желтоқсан 2025
  • 9
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау үшін QR-код енгізілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы «Буллингке жол жоқ: прокурормен тікелей байланыс» атты ауқымды профилактикалық акция өткізіп жатыр.

Мақсаты – кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын буллинг және басқа да құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оларды тиімді тоқтату.

«Акцияның негізгі элементі – балалардың құқықтары бұзылған фактілер туралы жылдам әрі құпия хабарлау жүйесін енгізу. Ақтөбе қаласының барлық 116 оқу орнында (90 мемлекеттік және 26 жеке мектеп) арнайы ақпараттық парақша (флаер) орналастырылды», — дейді ведомство.

Бұл флаерлерде WhatsApp мессенджері арқылы Ақтөбе қаласы прокуратурасының қызметкерімен тікелей байланыс орнататын QR-код бар. QR-код прокурормен кезек күттірмей чат бастауға мүмкіндік береді, бұл әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартады.

«Оқушылар, олардың ата-аналары, педагогтар және басқа да азаматтар буллинг (қорқыту), физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарлай алады», — дейді прокуратура.