«Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін ҚР ІІМ-інен әділет министрлігіне бергеннен кейін Кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталықтарын да ішкі істер министрлігінің құзырынан шығару дұрыс болар еді»,- деді ол. Министр орынбасарының айтуынша, «қазіргі таңда тергеу және тексеруге бағытталған тәртіп сақшыларының функциясы Кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталықтарының бағыт-бағдарына сәйкеспей отыр. Ондай жерге тәртіп сақшыларының орнына психолог мамандар мен ұстаздар қажет». В.Курбатовтың нақтылауынша, Кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталықтары арқылы жыл сайын 14-15 мың жасөспірімдер өтеді.
Вице-министрдің хабарлауынша, биылғы жылдың 11 айында кәмелеттік жасқа жетпегендердің қолымен жасалатын қылмыстар саны 2003-жылғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда 8,6 процентке өсу ағымы байқалған. Сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы қасақана жасалған қылмыстар саны азайып, былтыр бұл көрсеткіш 8 процентті құраса, биылғы жылдың 11 айында 6,5 процент болған. В.Курбатов сондай-ақ былтыр кәмелеттік жасқа жетпегендер жасаған аса ауыр және ауыр қылмыстар санының азаю ағымы байқалып, бұл көрсеткіш 2002-жылғы 12,2 проценттен 2003-жылы 8,4 процентке дейін кеміді деп мәлімдеді.