«Камерата Қазақстан» мемлекеттік оркестрі 17-ші концерттік маусымын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Камерата Қазақстан» мемлекеттік оркестрі 17-ші концерттік маусымын ашады

«Камерата Қазақстан» мемлекеттік оркестрі 17-ші концерттік маусымын ашады

Алматыдағы «Камерата Қазақстан» мемлекеттік оркестрі «Музыкалық эксперименттер зертханасы» топтамасын жалғастырады.

  • 19 Қазан 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Өнер ұжымы 17-концерттік маусымын 2 қараша күні «Қазақконцерт» залында «Солдат тарихы» бағдарламасымен ашады. Игорь Стравинскийдің бұл шығармасы ҚР халық артисі, профессор Гауһар Мырзабекова жетекшілік ететін «Камерата Қазақстанның» алғашқы музыкалық-театрлық қойылымы болмақ. И.Стравинский «Солдат тарихын» көркем оқушылар, мимикалық рөлдер, кларнет, фагот, корнет, тромбон, ұрмалы және скрипкалар мен контрабас үшін жазған болатын. Оның қойылуына Қазақстандағы Гёте институты мен Алматыдағы немістер үйі қолдау көрсетуде.

Жалпы «Камерата Қазақстан» классикалық музыка мемлекеттік оркестрі 1997 жылы өмірге келген болатын. Оны құру туралы идеяның авторы және оркестрдің көркемдік жетекшісі — әйгілі скрипкашы, педагог Гауһар Мырзабекова.

Перейти к новостям спорта