Кәмілет жасына толмаған 2 жеткіншек өлім аузынан қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмілет жасына толмаған 2 жеткіншек өлім аузынан қалды

Кәмілет жасына толмаған 2 жеткіншек өлім аузынан қалды

Алматыда кәмілет жасына толмаған екі жеткіншек өлім аузынан қалды. Мінген көліктері жол ортасын бөліп тұрған қоршауды жарып өтіп, бір-ақ тоқтапты.

  • 17 Қараша 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға көлік қозғалысы көп айналма жолдардың бірінде болған. Қазір, зәресі ұшқан жеткіншектер дәрігерлер қарауында. Десе де жол апатынан қатты шошынып қалса керек, әлі де өздеріне келе қоймапты. Сондықтан көлік тізгінінде кімнің отырғаны әзірге белгісіз. Жол полициясы жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуі де мүмкін деп тұспалдап отыр. Ал темір қоршау мен БМВ-ның сау тамтығы жоқ.

Соңғы жаңалықтар