Мерейтойға орай Мәдениет үйінде «Мен Өмірге Ғашықпын» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында құттықтау сөздер айтылыпғ алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті. Аудан әкімі серіктестер мен демеушілерді атап, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры орталық қызметкерлеріне жеке алғыс хаттар табыстап, ризашылық білдірді.
Бес жыл ішінде орталық өңірдегі оңалту көмегінің маңызды бөлігіне айналып, 3 765 баланы қабылдады. Мамандардың кәсіби әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде 299 бала алғашқы қадамын жасап, 385 бала алғаш рет сөйлей бастады. Бұл жетістіктер «Қамқорлық» бастамасының маңыздылығын және өңірде қалыптасқан оңалту инфрақұрылымының тиімділігін тиімділігін айқындай түседі.
Орталықтың барлық жабдығы «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорының қаржылай қолдауымен сатып алынған. Орталық Ottobock вертикализаторларымен, Rifton жүйелерімен, Tyrostation көпфункционалды тренажерларымен, «Атлант» пневмокостюмдерімен, сондай-ақ «Головастик» және «Кузнечик» инновациялық түзету жүйелерімен, гидротерапияға арналған ванналармен жабдықталған. Сонымен қатар, сенсорлық бөлме, тұз шахтасы және шунгит бөлмесі бар. Мұның барлығы әртүрлі қажеттілігі бар балаларды кешенді оңалтуға мүмкіндік береді.
Орталық мамандарын даярлауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды: қызметкерлер халықаралық оңалту стандарттарын енгізуге мүмкіндік берген үш кезеңді біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бүгінде орталықта мультидисциплинарлы команда жұмыс істейді. Оның құрамында неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектологтар, психологтар және еңбек терапевттері бар.
Бес жылдық мерейтой «Қамқорлық» бастамасы аясында құрылған оңалту көмегі моделінің жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, балалар мен олардың отбасыларының өмірін өзгертіп отырған тұрақты әрі тиімді қолдау жүйесі екенін айғақтайды. «Қамқорлық» орталықтары мемлекет, қорлар және кәсіби қауымдастық арасындағы тиімді серіктестіктің айқын үлгісі. Олар сапалы оңалтуды Қазақстанның әр өңірінде халыққа қолжетімді етті.