Ол 9-сыныптан кейін колледжге «Ағылшын тілі» мамандығына оқуға түседі. Содан кейін Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түседі. 3 курста оқып жүргенде «КешYou» тобының солисті болып қабылданады. Осыдан кейін, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Эстрада» факультетіне ауысады.
Жеке шығармашылығымен айналысқалы кез келген әні көрермен көңілінен шығып, бейнебаяндары көп қаралым жинап жүрген Камшаттың жақында тағы да "Ғарыш" атты жаңа әні жарыққа шықты.
Әні: М.Атабеков Сөзі: Ы.Тұрсынбекұлы
Әлемнен бөлініп біз екеуміз оңаша
Тәтті күй кешіп,
Әрекет ересек сезіміміз балаша
Тапты үйлесім.
Қауіпті ойың бар ма ойыңда
Мен тек сендікпін,
Елігіңе еркелеп тіпті.
Қайырмасы:
Сағынып сабылып жетегенбе жүректер ләззатқа батып,
Дәлелі бұл әуен және де куәгер
Түнгі Алматы!
Тұнып тұрған сұрақ өзіңде
Қане айта аласың ба?
Кездесе алатын қоштасулар тағы да
Қайталансын ба?!
Бридж:
Алыстарға алып кет мені
Ғарышыңнан келіп өп мені
Өзге ғаламшарлық секілді
Өзге ғаламына ертеді
(Алыстарға алып кет мені)
(Алыстарға алып кет мені)
Түнімді ғажайып түстеріңе боядың,
Түсінер тек біз.
Әлсізбін алдында алайда мен сенемін
Күшіңе шексіз
Кетірдің саған құмар басымды қанша дегенмен
Сенсіз өмір сүріп келемін мен.
Қайырмасы:
Сағынып сабылып жетеген бе жүректер ләззатқа батып
Дәлелі бұл әуен және де куәгер
Түнгі Алматы
Тұнып тұрған сұрақ көзіңде
Қане айта аласың ба?
Кездесе алатын қоштасулар тағы да
Қайталансын ба?
бридж
Алыстарға алып кет мені
Ғарышыңнан келіп өп мені
Өзге ғаламшарлық секілді
Өзге ғаламына ертеді
(Алыстарға алып кет мені)
(Алыстарға алып кет мені)