"Қан тоқтата алмаған": Ләйлә Сұлтанқызы ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қан тоқтата алмаған": Ләйлә Сұлтанқызы ауруханаға түсіп қалды

"Қан тоқтата алмаған": Ләйлә Сұлтанқызы ауруханаға түсіп қалды

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта орын алған келеңсіздіктің салдарынан ауруханаға түсіп қалды.

  • 14 Тамыз
  • 309
Фото - Caravan.kz

Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ләйлә Сұлтанқызы отандық әуе компанияларының бірінің жауапсыздығына шүйлікті.

Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. 
Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл @flyarystanәуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. 

Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», — деп жазды тележүргізуші.