Канадада Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадада Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері өтті

Канадада Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері өтті

Республиканың 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында Канадалық кәсіпкерлердің Қазақстандағы жаңаша инвестициялық мүмкіндіктері 21-қазанда Канаданың ең ірі өнеркәсіптік-қаржылық орталығы- Монреаль қаласында өткен конференцияда ортаға салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ пен Канададағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қазан 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

Қазақстан елшілігі, Канаданың экспортты дамыту жөніндегі агенттігі мен Канада-Еуразия іскерлік қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған бас қосуға Канаданың тау-кен өнеркәсібі, энергетика, мұнайгаз индустриясына арналған жоғары технологиялық өндірістер, компьютерлік технологиялар саласындағы компаниялардың өкілдері, үкіметтік және ғылыми-зерттеу институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев еліміздің қазіргі экономикалық дамуы туралы, қолайлы инвестициялық ахуал туралы, еліміздегі құқықтық жүйе туралы кең көлемді мағлұмат бере отырып, инновациялық стратегияға байланысты басымдық берілген жоғары технологиялық салалар үшін тың мүмкіндіктер ашылғанын ерекше атады. Қазақстан үкіметі тарапынан осындай компаниялар өз тәжірибесін, білімі мен жоғары технологияларын әкелген жағдайда жеңілдіктер көрсетілетіні айтылды. Елші стратегияны жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық екі жақты қарым-қатынастардың зор әлеуетін іске қосуға мүмкіндік береді дегенге сенім білдірді.
Канада үкіметінің атынан сөз сөйлеген экспортты дамыту агенттігінің директоры Лорн Катлер өзі басқаратын мекеме тарапынан өзара іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсетілетінін мәлімдеп, әріптестіктің мейлінше перспективалы салаларын айқындады. Ол «ауылшаруашылығы саласында үлкен мүмкіндіктер ашылғанын» атап өтті. Бұл тек Қазақстандағы экономикалық дамуға ғана емес, сонымен бірге республика үкіметі тарапынан саланы қолдауға нақты қадамдар жасауы, соның ішінде жерді жеке меншікке беру туралы заң мен ауылды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдауы әсер етті. Қазақстанның банк саласына «ТМД аясындағы ең қуатты сала» деп баға берген Л.Катлер бұл фактор халықаралық бизнесті дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Агенттік ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда Қазақстанға шығарылған экспорт көлемі жылына 6,5 млн. канада долларынан 41 млн. долларға дейін өскен. Сонымен бірге Агенттік жыл сайын Қазақстанға инвестиция жұмсайтын Канадалық компанияларға 50 млн. канада долларына тең несиелік кепілдіктер береді. Тек биылғы жылдың 10 айында агенттік 70 млн. доллардың несиелерін қолдады.
«Елдің қыруар байлығы, макроэкономикалық және саяси тұрақтылық, екі ел экономикасының бір-бірін толықтыру потенциалы екі жақты іскерлік ынтымақтастықтың перспективаларына деген сенімді нығайта түседі»,- деді Л.Катлер.

Перейти к новостям спорта