Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Әйгілі «Шырша» фильмін дүниеге әкелген продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті.

  • 29 Шiлде 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекеттер компьютер экранында жүзеге асады.

«Cybernatural» бюджеті аз фильм болады, себебі, әлі танымал болып үлгермеген жас актерлер түсірілген деген сынды пікірлер айтылып жатса да, кинокомпания оның бюджетінің 500 мың доллар құрағанын айтып отыр. Ал әдетте бюджеттік шығыны аз фильм деп 20 мың долларға түсірілген туындылар аталады.

«Біз осы фильм арқылы қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып — кибертерроризмді ашып көрсетуге тырыстық. Ол ғаламтор желісі арқылы бүкіл әлемге таралуда. Мәселен, қазіргі жасөспірімдердің ғаламтор арқылы жасырын түрде өз қатарластарын үрейге бөлеуі — адамды қорқытудың бір ғана қарапайым түрі», — дейді Т.Бекмамбетов.

Фильмнің халықаралық прокатқа қандай атпен шығатыны жуырда белгілі болмақ, деп хабарлайды Лента.ру. Кинофорум қонақтарының өтініші бойынша бүгін 29 шілдеде картинаның қосымша көрсетілімі ұйымдастырылмақ.


Перейти к новостям спорта