Канадалық Райдер Хесьедал - «Джиро дИталия 2012» суперкөпкүндігінің жеңімпазы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадалық Райдер Хесьедал - «Джиро дИталия 2012» суперкөпкүндігінің жеңімпазы

Канадалық Райдер Хесьедал - «Джиро дИталия 2012» суперкөпкүндігінің жеңімпазы

«Джиро дИталия 2012» суперкөпкүндіктің жеңімпазы болып Garmin-Barracuda командасының өкілі канадалық Райдер Хесьедал атанды.

  • 28 Мамыр 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Канадалық велошабандоз жарыстың соңғы күнінде Миланда болған жекелей сында «Катюша» клубының көшбасшысы Хоаким Родригестен 31 минут озып кетіп, суперкөпкүндіктің жалпы есебінде бірінші орынға шыға алды. Родригес турнирде екінші орынды иеленді. Үшінші орынға жиырмасыншы кезеңнің жеңімпазы Vacansoleil-DCM Pro Cycling Team командасының мүшесі бельгиялық Томас де Гендт жайғасты.

Кешегі жекелей сынның жеңімпазы болып Марко Пинотти (BMC Racing Team) танылды. Герайнт Томас (Sky Procycling) пен Джесси Сёрджент (RadioShack-Nissan) тиісінше көмбеге екінші және үшінші келді.

«Астана» сапындағы үздік нәтижені 35-ші келген эстондық Танел Кангерт көрсетті. Қазақстандық Александр Дьяченко 37-орында келді.

Джироның жалпы есептегі тізімінде ең үздік нәтиже 15-ші тұрған Роман Кройцигерде. Командалық есепте «Астана» төртінші орында.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера