Жарияланды: 500

Канализациялық коллекторда болған апат Петропавл тұрғындары мерекесінің берекесін кетірді

Петропавлда канализациялық коллектордағы апат салдары реттелуде.

"2-шілде күні Набережная көшесінде канализациялық коллекторда апат болды, соның салдарынан қаланың солтүстік бөлігінің қалдық сулары жер бетіне жайылып, қалада төтенше жағдай орын алды", деп хабарлады сейсенбіде Петропавл әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, нөсерлі жаңбыр салдарынан 1200 мм құбыр салмаққа шыдамай кеткен. Апат салдарынан жүздеген көп қабатты үй, №3 қалалық аурухана сусыз қалған. Сейсенбіде су жайылған қалалық Жеңіс саябағында өтуге тиісті мерекелік шаралардың біразын тоқтатуға тура келген. Қазіргі уақытта "Петропавл судың" жұмысшылары суды айдап шығарумен айналысып жатыр. Бұл күндері Қазақстанда Астана күні атап өтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін