Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады

Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады.

  • 14 Мамыр 2024
  • 6
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы — 7,5 млрд теңге. 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362 млн теңге сомасында өтемақы алды», — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьердің дерегінше, 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы алып үлгерді.

«Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда», — деді ол.