Қандай банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қандай банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты

Қандай банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Еске сала кетсек, Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиі

  • 17 Маусым
  • 4
ФОТО: Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендетілді. Тиісті түзету Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына енгізілген. Жаңа талап 15 маусымда күшіне енді.

Бүгін Kazinform тілшісі банктерге қоңырау шалып, Halyk Bank, ЦентрКредит банкі мен Нұрбанк қайталама тұрғын үй нарығына қатысты ипотекалық өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқанын анықтады.

Операторлардың айтуынша, қазір бұл банктерде техникалық жұмыстар жүргізіліп, жаңа мөлшерлемелер енгізіліп жатыр.

Сонымен бірге, Altyn Bank пен Freedom Bank ипотекалық өтініштерді қалыпты тәртіпте қабылдап, қарастырып жатқанын хабарлады.