Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті

Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті

Келісім бір елден екінші елге көшкен жағдайда азаматтың жинақталған еңбек өтілін есептеуге мүмкіндік береді

  • 24 Қыркүйек
  • 15
ФОТО: Акимат Мангистауской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңды жұмысқа алды.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауды көздейді.

«Бұл келісім бір елден екінші елге көшкен жағдайда азаматтың жинақталған еңбек өтілін есептеуге мүмкіндік береді. Оған қоса, азамат бір елден екінші елге қоныс аударса, оның зейнетақы қорында жиналған қаражаты сол елдегі қорға ауыстырылады», — деді Аймағамбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, бүгінде Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтардың саны жағынан Моңғолия екінші орында тұр

Перейти к новостям спорта