Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Көкшетау қаласындағы «Истоки» мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында Т.Сыздықов сайлауалды тұғырнамасының тезистерін баяндай келе, батыстық тұрмыс салтының кемшіліктері мен сау ұлт қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.
«Марксизм-ленинизмнің ғылыми негізделген идеялары қазіргі уақытта өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Заманауи құрылымдағы коммунизм ғана жойқын батыс мәдениетіне қарсы тұра алады. Қазақстан Коммунистік халық партиясының қызметі ғылыми социализм идеяларына, маркстік-лениндік ілім және прогрессивті қоғамдық пайымдауға негізделген», — деді Тұрғын Ысқақұлы шараның басында.
Оның айтуынша: «Батыс халықтың ақыл-ойын әділеттілік, кішіпейілдік, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс сияқты ғасырлар бойы қалыптасып келген адамгершілік пен өнегелік қағидаларын жоғалтқан кинематография және әдебиет өнімдерімен уландырып келеді. Батыс киносы тек зорлық-зомбылыққа үйретіп және жастардың ойында тек жеңіл табыс ұмтылысын дамытып келеді.
Олардың киім кию салты ақылға сай келетін киімдерге сәйкес келмейді. Батыстың мәдени стандарттары тұтыну кейпіне айналып кеткен. Олар өмірде ең бастысы жаңа заттар, телефондар, теледидарлар деп уағыздап келеді. Адамдық қарым-қатынастар құнсызданып кеткен».
Кандидат Т.Сыздықовтың пайымдауынша: «бүгін бейбітшілік, достастық, интернацонализм сияқты жалпы адамдық құндылықтар маңызды болып табылады.
Барлық елдерде прогрессивті күштер жаңашылдық пен шыдамдылықтың жоғары идеалдарының маңыздылығын түсініп келеді.
Әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы достық бірлікті бекітуге жігерлендіреді.
Біз бейбітшілік пен келісімдікте өмір сүріп келеміз. Бұл жалпы адамдық құндылықтар және олар келесі ұрпаққа берілуі тиіс.
Бұл біздің халқымыздың салт-дәстүрі.
Тарихи қонақжайлық, мейірімдік, отбасылық құндылықтар мен үлкендерді құрметтеу керемет жеміс береді.
Артқа қарап, біз осы негіздерді сақтау жолында өткізген жылдарымызды еске түсіреміз.
Осының барлығы жер бетінде қалыптасқан сенімділік пен жаңашылдық атмосферасын маңызды мазмұнмен толтырады. Сондықтан, қазіргі уақытта тұрақтылық пен өркендеу терең мазмұн мен мағынаға ие болып келеді».