"Канелоның" допингпен ұсталып, Головкиннің белбеулері қайтарылатыны жайлы хабарламалар рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канелоның" допингпен ұсталып, Головкиннің белбеулері қайтарылатыны жайлы хабарламалар рас па?

"Канелоның" допингпен ұсталып, Головкиннің белбеулері қайтарылатыны жайлы хабарламалар рас па?

Желіде Геннадий Головкинге соңғы жекпе-жектегі жеңілісінен кейін айырылған чемпиондық белбеулері қайтарылады делінген мәлімет таралып жатыр.

  • 18 Қыркүйек 2018
  • 110
Фото - Caravan.kz

Мессенджер қолданушылары "Канело" екінші рет допингпен ұсталды деген хабарламалар таратып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 
"Бұл арандатушылыққа еш қатысымыз жоқ, бұл расталмаған мәлімет. Біреу Интернетке "Канелоның" допингпен ұсталғаны жайлы жазып жіберген. Біз ол туралы естіген жоқпыз", — деді Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко. 
 
"Қазақстан" "РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин де бұл хабарламаға қатысты пікірін білдірді. "Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр :) Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", — деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.
Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді.