Қанға сіңіп кеткен жемқорлық спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанға сіңіп кеткен жемқорлық спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды

Қанға сіңіп кеткен жемқорлық спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды

Спортсмендерді кінәламаймын, оларға күнтізбені алдын ала бас бапкер сызып береді.

  • 2 Тамыз
  • 107
Фото: ашық дереккөз

Бокстан жеңіліп жатқанымыздың себебі бас бапкердің кінәсі. Өкінішке орай жемқорлық бұл жақты да жаулап кеткен, деп жазды заңгер Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Президентіміз Азия ойындарынан кейін, спортты жемқорлықтан тазалауға нақты тапсырма берген еді!

Ол тапсырма өкінішке орай орындалмағанын осы ойындардан көруге болады.

Мен және бүкіл қазақ елі бокстың жанкүйеріміз!

Дәл осы олимпиада да бокстан көбірек медал күткен едік…

Жақында ғана келген Бокс федерациясының басшылығына өкпе жоқ! Барынша лицензия алып беру міндетін атқарды.

Ары қарай тактиканы дұрыс жоспарлау бас бапкер, Мырзағали Айтжановтың міндеті еді! Спортшыларды алдын ала Еуропаға апарып адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындау керек еді.

Көрші Өзбекстан елінің бас бапкері Тулкин Киличев спортшыларын алдын ала екі апта бұрын Еуропаға сборға барғанын көріп отырдым.

Міне тактика! Міне профессионализм!

Ал біздің бап бапкер Олимпиадаға баратынын біле тұра чемпиондарды сол баяғы “Алматау” да дайындап, енді міне нәтижесі!

Еуропада қонақ үйлерден, тамақтан ақша жей жымқыра алмайтын болған соң, “Алматауда” жаттықтырдыңдар ма?

Спортсмендерді кінәламаймын, оларға күнтізбені алдын ала бас бапкер сызып береді!

Қанға сіңіп кеткен жемқорлық , спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды….

Шымкенттік Мақмұт Сабырханды өз салмағында неге шығармадыңыз Айтжанов мырза?

Баланың обалы сіздің мойныңызда!

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали біздің спорттағы басшылар “Алма тауды” неге сонша қатты жақсы көреді?!

Бір тексеріп жіберіңіздер олимпиада ойындарынан кейін!», — деді заңгер.