Бас Прокуратураның мәліметінше, Қантарда ТЖМ, ІІМ, Жедел жәрдем және басқа да мемлекеттік орган жұмысшыларының 345 қызметтік және 116 жеке автокөлігі бүлінген. Қылмыскерлердің шабуылынан 16 дәрігер, 34 өрт сөндіруші мен 8 құтқарушы зардап шекті. «ҚазАқпарат» ХАА редакциясы «Қаңтар» арнайы айдары аясында ақ халатты абзал жандардың сол күндері қызметтік борышын қалай атқарғаны жайлы баяндамақ.
Видеодан алынған кадр
Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бандиттердің шабуылына қарамастан жұмысын жалғастырды. Олар жараланғандарды қабылдап, оларға кәсіби медициналық көмек көрсетіп, ота жасау бөлмелерінде тәулік бойы тік тұрып қызмет етті.
Видеодан алынған кадр
Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дәулет Ризабекұлы қаңтар оқиғасы кезінде медицина қызметкерлерінің басынан өткерген қиын сәттерін еске алды.
Видеодан алынған кадр
«5 қаңтар күні медициналық көмекке жүгінген азаматтардың саны көп болды. Түскі сағат 2-3-терде бастап, таңғы 4-5-ке дейін тоқтаған жоқпыз. Бір келген кезде 10 адамға дейін алып келген кездер болды. Жағдайлары өте ауыр. Бас жарақаты, кеуде жарақаты, аяқ-қолдың жарақаттарымен. Ес-түссіз алып келген науқастар болды. Жалпы олардың ішінде қарапайым тұрғындар мен полиция қызметкерлері де бар», — деді дәрігер.
Видеодан алынған кадр
Қарулы қылмыскерлер қала ауруханасын айнала қоршаған кезде дәрігерлердің батылдығы мен кәсіби борышына деген адалдығы зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға көмектесті.
Редакциядан
ҚазАқпарат командасы Алматыда, жалпы Қазақстанның өзге өңірлерінде Қаңтар қасіреті кезінде қылмыскерлер мен тонаушылардың әрекетін өз көзімен көрген оқырманымыз аз емес екеніне сенімді.
Оқырманды өз оқиғалары жайлы әңгімелеп беруге шақырамыз. Бізге мына электронды пошта арқылы хат жазуға болады:
kazred@inform.kz
rusred@inform.kz
Бізбен әлеуметтік желілер арқылы да байланысуға болады:
Telegram: @qazaqparat_kz, @kazinform_news
Facebook: @KazakparatKZ, @Казинформ
Instagram: @qazaqparat_kz, @kazinform.
Қаңтар қасіреті жайлы айтылмаған оқиға қалмауы керек.