”Каникулға келген кезінде аңдып жүріп өлтіріп отыр” - Шымкентте пышақтап кеткен бойжеткеннің туысы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Каникулға келген кезінде аңдып жүріп өлтіріп отыр” - Шымкентте пышақтап кеткен бойжеткеннің туысы

”Каникулға келген кезінде аңдып жүріп өлтіріп отыр” - Шымкентте пышақтап кеткен бойжеткеннің туысы

Шымкентте 21 жасар бойжеткеннің өлімі туралы туысқаны пікір білдірді.

  • 13 Қаңтар
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Кешегі Шымкент қаласында болып жатқаан жағдайды естіп жатқан боларсыздар, елдің ішінде неше түрлі қауесет әңгіме болып жатыр, соған мән-жайды айтқым келіп отыр. Қайтыс болған Нұрай сіңліміз ол жігітке келісімін бермегені үшін өліп отыр. Сіңлімізді жаз айында ол жігіт алып қашқан, ол кезде ол көнбестен ата-анасымен үйіне кетіп қалған, кеше енді каникулға Алматыдан келген кезінде аңдып жүріп өлтіріп отыр”, — деп жазды туысқаны.

Сондай-ақ, оның айтуынша бәріне себеп — күдіктінің марқұм бойжеткенді алып қашу.

”Бұл біз үшін өте қайғылы жаңалық болды. Өйткені, олар біздің нағашыларымыз, қазір жаназасына бара жатырмыз. Әйелің болсын, жүріп жүрген қызың болсын саған “сенімен бірге болғым келмейді” деген кезде, демек ол сенімен болғысы келмейді. Алып қашты деген ақпаратты да естіп жатқан боларсыздар. Бұл жерде проблема алып қашу дегеннен шығып тұр. Бұл салт-дәстүрді жою керек. Адамның қалауынсыз басқа біреуді қалай алып қашып кетесіз? Бұл нәрсе кешірілмеуі керек. Сол кезде осы нәрсе тоқтайтын еді. Мына жағдайға жетпейтін еді. Қазір енді ағамыз бен әпкемізге Алла сабыр берсін”, — деді туысы.